• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:04:52
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясының жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты, Жұлдыз Досбергенқызы қаладағы жекеменшік негізде ашылған мектептердің жұмыс барысымен танысты.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының Жол картасында білім саласына жалпы 13 тапсырма бағытталып, бүгінгі таңда оның 5-уі толық орындалған. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жекеменшік мектептер ашылуда.

Басында тойханаға арналып салынған ғимарат (Оңтүстік қабылдау) бүгінде жан басына қаржыландыру есебінен қайта құрылымдау арқылы мектеп болып өзгертілген. «Аль-Фараби» академиялык мектебі оқушыларға заманауи талаптарға сай білім беруде.

Қазіргі таңда 1386 оқушының білім деңгейін көтеру үшін Финляндия елінің оқу басқармасымен келісім шарт жасап, финдық жүйені білім бағдарламасына қосуды жүзеге асыруда.

Шымкент қаласында 2021-2022 оқу жылында пайдалануға берілген 1500 оқушыны қамтитын «Низамхан» орта мектебінде мемлекеттік стандартқа сәйкес білім беріледі. Оқу екі тілде жүргізіліп, балалар тегін оқытылады. Оқушыларға қосымша үйірмелер, спорт секциялары, робототехника, би, домбыра үйірмелері ашылған.

Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету және үш ауысымды мектептердің санын азайту «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент депутат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір