• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:33:07
Алматы
+21°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін темір жол вокзалында егу бекеті ашылып, ерікті түрде азамматтар вакцина салдыруда.

Бүгінге дейін қалада ковидке қарсы вакцинаның 1 - ші компоненті 498 803 адамға салынды. Яғни вакцина салынуы тиіс санаттағы тұрғындардың 93 пайызы екпе қабылдаған.

Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін Шымкентте 45 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде.

Айта кетейік, қалада демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр. Вакцинация бекеттері таңғы сағат 08:00-20:00-ге дейін барлық мелекеттік жекеменшік емханалаларда жұмыс жасайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір