• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:30:52
Алматы
+35°

Сотқа жалпы 279 талап арыз түсті. 15 іс бойынша шешім шығарылған. Яғни, қанағаттандырылған талап қоюлар бойынша ауыртпалық түсіретін актілердің күшін жою, мәжбүрлеу туралы шешімдер қабылданып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері қорғалды.

Алдыңғы кезеңдерде мемлекеттік органдармен татуласу мүмкін емес деп саналса, бүгінгі таңда татуластыру рәсімдері жария-құқық дауларда да қолданылады.

Осы көрсеткіште, алдын ала тыңдауда сот 6 әкімшілік іс дауды бітімгершілік және медияция тәртібімен реттеу келісімдері бекіту негіздерімен аяқталған. Бұл бітімгершілік келісімдер жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша орын алған.

Сот талаптарын орындамағаны үшін 4 лауазымды тұлғаға қатысты ақшалай өндіріп алу қолданылды. Атап айтқанда, процестік мәжбүрлеу шаралары мемлекеттік органның басшысына және олардың орынбасарларына қатысты қолданылып, оның екеуі орындалды.

Егер түскен істерді жіктейтін болсақ, ең көп көрсеткіш сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымданумен байланысты - 81 талап арыз, мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша - 42, салық заңнамасынан туындайтын даулар бойынша - 47, жер даулары бойынша - 41, тұрғын үй және басқада санаттағы даулар бойынша 63 талап арыздар болып табылады.

Кері қайтарылған талап қоюларда бар. Көп жағдайда талап қою арызы талап қоюшының кері қайтарып алу негізінде, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпағаны үшін және іс осы соттың соттылығына жатпауына байланысты жиі кері қайтарылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір