• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:25:58
Алматы
+35°

"Нобель сыйлығы менікі емес, ол өмірден озған ресейлік журналистердікі". Ойын осылай жеткізген ресейлік журналист Дмитрий Муратов Нобель бейбітшілік сыйлығын қызмет барысында қаза тапқан ресейлік журналистерге арнайтынын айтты.

Филиппиндік журналист Мария Ресамен бірге марапатталған Дмитрий Муратов Мәскеудің баспасөз бостандығын шектейтін заңнамасын сынға алып, Ресейдегі тәуелсіз БАҚ жағдайын "өте қиын және күрделі" деп сипаттайды.

Ресейде соңғы бірнеше ай ішінде ондаған журналист пен бұқаралық ақпарат құралы қысымға ұшырап, "шетел агенті" немесе "қажетсіз ұйым" ретінде үкіметтің қара тізіміне енген. 

Дмитрий Муратов Ресейдегі журналистиканың жағдайы қиындағанын, цензуралық репрессияға ұшырау жиілегенін айтады. Ол Мәскеудің баспасөз бостандығын шектейтін заңнама арқылы кәсіби журналистерді елден кетуге мәжбүрлеуін "кәсіби тұрғыда трагедия" деп атады.

Журналист Нобель сыйлығынан алатын 1 миллион долларлық сыйақысының бір бөлігін тәуелсіз журналистерге қолдау көрсетуге жұмсау туралы жоспары бар екенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нобель Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір