• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:09:09
Алматы
+35°
Қазақстанға 4 млн дозады әкелінеді деп күтіліп отырған Pfizer вакцинасы елдің ең ірі мегаполисі әрі вирустың таралуы жоғары болып отырған Алматы қаласына қазан айының соңына таман жеткізілмек. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
 
Ол алматылықтар арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинация қарқынын әлі де үдете түсу керектігін айтты. Сөзінше, қазіргі таңда 960 мың қала тұрғыны вакцина салдырған. Бұл көрсеткіш 1 миллион 300 мыңнан асқанда ғана қаланы қауіпсіз деп санауға болады. Оған қол жеткізу үшін әлі 300-400 мың адамға вакцина салу оңай шарма емес дейді ол.
 
Сондай-ақ ол Pfizer вакцинасы Алматыға қазан айының соңына таман жеткізілетінін атап өтті.
 
Ал Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Pfizer вакцинасы туралы толығырақ ақпарат берді. Оның айтуынша, вакцина 20 қазаннан ерте әкелінбейді. Алғашқыда 160 мың шамасында доза келеді деп күтілуде.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір