• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:40:01
Алматы
+35°

"1950 жылдан бері Францияда 216 мыңға жуық бала діни қызметкерлердің зорлық-зомбылығының құрбаны болды" дейді шіркеу мүшелерінің құқық бұзушылықтарын зерттейтін топ жетекшісі. Бұл туралы BBC хабарлады.

Францияның католиктік шіркеулеріндегі жыныстық зорлық-зомбылық туралы ұзақ есеп жарияланды.

Француз зерттеушісі Жан-Марк Сувенің айтуынша, шіркеудің қарапайым мүшелерінің қиянаты қосылған кезде жәбірленушілердің саны 330 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Зардап шеккендердің бірі бұл есепті Франция тарихындағы бетбұрыс деп атады.

Есеп шіркеу, сот және полиция мұрағаттарына, сондай-ақ жәбірленушілермен болған сұхбатқа негізделген.

Құжат көлемі шамамен 2500 беттен тұрады. Зардап шегушілердің басым көпшілігі әр түрлі әлеуметтік ортадан шыққан жасөспірім ұлдар екені айтылады.

Құжатта діни орындар – отбасы мен таныс адамдардан кейін кейін, жыныстық зорлық -зомбылық ең көп таралған орта екені айтылған.

Дегенмен бұл істердің көпшілігі француз заңы бойынша қылмыстық қудалау үшін тым кеш деп есептеледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір