• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қаңтар, 17:53:03
Алматы

"Америка Құрама Штаттары Тайваньның қорғаныс аймағына Қытайдың жасаған ең ірі әуе шабуылын айыптады" деп хабарлады Әл Жазира телеарнасы. Вашингтон Бейжіңнің бұл әрекетін "арандатушылық" деп сипаттады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс Қытайдың "Тайваньға қарсы әскери, дипломатиялық және экономикалық қысым мен мәжбүрлеуін" тоқтатуға шақырды.

"Қытай Халық Республикасының Тайвань маңындағы арандатушылық әскери әрекеті Америка Құрама Штаттарын қатты алаңдатады, бұл аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді" делінген Прайстың хабарламасында.

Сенбі күні Қытайдың 39 соғыс ұшағы Тайвань әуе аймағына кірген. Бейжің өзінің Ұлттық күнін 38 әскери ұшақпен атап өткен. Оның ішінде ядролық "H-6" бомбалаушылары да бар.

Тайвань қытайлық ұшақтарға ескерту жасау үшін жауынгерлік ұшақтарын жіберіп, зымыран жүйелерін әзірлікке қойған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір