• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:29:38
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 3 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1717 адамнан коронавирус, 46 адамнан пневмония анықталған.

2 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 31, пневмониядан 6 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 892 710-ға жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 76 265.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 716 723 адам, 2-компонентін 6 671 959 адам салдырған.

4 қазандағы мәлімет бойынша, 59 135 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 367 пациент стационарда, 48 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

765 адамның жағдайы ауыр, 224 пациенттің жағдайы өте ауыр, 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.

Шымкент қаласы, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір