• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:50:10
Алматы
+35°

Түркістан облысында "несиеңді жауып беремін" деп тұрғынды алдаған банк қызметкері ұсталды,  деп хабарлады Polisia.kz.

Кентау қаласы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданғңан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам өзін "банк қызметкерімін" деп таныстырып, "несиеңді жауып беремін" деп  сендірген. Күдікті осы ісі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алып, берген уәдесін орындамай әбігерге салған.

Аталған жайтты Кентау қаласы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп,  күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ұстаған. Ол бұрын банк қызметкері болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, ұсталған ер азамат алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып үлгерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары алаяқтың бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір