• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:49:45
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2096 адамнан коронавирус, 168 адамнан пневмония анықталған.

29 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 42, пневмониядан 7 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 886 982-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 75 860.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 654 566 адам, 2-компонентін 6 593 598 адам салдырған.

1 қазандағы мәлімет бойынша, 60 657 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 210 пациент стационарда, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

805 адамның жағдайы ауыр, 221 пациенттің жағдайы өте ауыр, 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар облысы "Қызыл" аймақта орналасқан.

Шымкент қаласы, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір