• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:49:22
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте қыс маусымына дайындық жұмыстары қызып тұр. Осы кезде атқарылған шаруалар үлкен апатты ауыздықтайды. Сондықтан жауапты мамандар жұмыла іске кіріскен. Қауіптің алдын алу мақсатында тиісті сала басшылары бас біріктіріп баспасөз брифингін ұйымдастырды.

Баспасөз конференциясын өткізудің мақсаты – Шымкент қаласының аумағында жылу беру маусымында халықтың улы газдан улану фактілерін болдырмау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, үгіт-насихат жұмыстарын белсендетіп, сақтық шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу.

Өткен жылу беру маусымында 2020-2021 жылы тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген. Материалдық шығын 132 млн. теңгені құрады, 2 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алған. Тіркелген өрттердің басым бөлігі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану салдарынан орын алды 33 өрт. Сондай - ақ жоғары көрсеткіштер рейтингісінде мына себептер көрсетіліп отыр: 22 өрт халықтың отпен абайсыз пайдалану, 6 өрт балалардың отпен ойнауы.

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде жылу беру маусымында табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болып (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге, қаза болғандар екі жарым есеге, жарақат алғандар саны 33% - ға төмендеген. Уланудың негізгі себептері мыналар болып табылады: газ аспаптарын монтаждаудың бұзылуы; ағынды су жылытқыштың түтін мұржасында тартым жоқ; гофраның дұрыс жалғанбауы.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі құзыреті айқындалды. Құзырлы органдардың қатысуымен заңнамалық талаптарын түсіндіру және міндеттерді айқындау мақсатында дөңгелек үстелдер мен кездесулер, жиындар өткізілді.

Халықтың арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара барысында газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өрт қауіпсіздігінің жай-күйі және қамтамасыз етілуі; Газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы;газбен байланысты улану жағдайлары туралы және олардың алдын алу шаралары; газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде талаптардың сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір