• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:21:36
Алматы
+35°

"Солтүстік Корея бүгін таңертең өзінің шығыс жағалауындағы теңізге қысқа қашықтықтағы зымыран ұшырды" деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері.

БҰҰ-да Солтүстік Корея елшісі Пхеньянның қорғаныс және қару сынау құқығына ешкім қол сұға алмайтынын мәлімдеді.

Жуырда Солтүстік Корея Жапонияның көп жеріне соққы бере алатын алғашқы қанатты зымыранын сынақтан өткізген. Көп өтпей Сеул Солтүстік Кореядан екі қанатты зымыран Жапонияға қарай атылғанын хабарлады.

Жапония басылымдары жапон қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Пхеньянның зымыраны БҰҰ санкциясымен тыйым салынған баллистикалық зымыран болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ал, бірнеше күн бұрын Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір