• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:01:28
Алматы
+35°

Қарағанды және Жамбыл облысының бас санитар дәрігерлері карантин шараларына өзгеріс енгізді.

Қарағанды облысының  бас санитар дәрігері Ю. Л. Залыгин 27 қыркүйекте карантин шараларына қатысты жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес төмендегі объектілер "Ashyq" жобасымен жұмыс істеуді жалғастыруға тиіс:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтар, спа-орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік, боулинг клубтары;
    кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары, концерт залдары;
  • караоке, көрмелер, океанариум, марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары, темір жол вокзалдары және
  • автовокзалдар;
  • (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
  • сұлулық орталықтары мен салондар, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  • діни объектілер.

Жамбыл облысының бас санитар дәрігері Б.Шиналиевтің қаулысы бойынша төмендегідей шектеу шаралары қабылданды.

Құжатқа сәйкес:

  • Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды карантин талаптары бойынша өткізіледі;
  • 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде кию талаптарын сақтау қажет;
  • жұмыс күндері "Ashyq" жобасына қатысушы барлық объектілер сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір