• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:31:34
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесіп, екі ел парламент өкілдерінің өзара іс-қимылын тереңдету туралы уағдаласты.

Кездесу барысында тараптар қос мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Түркиямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. Бүгінде бұл жолды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жалғастырып, Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы берік байланыс нығаю үстінде.

Суреттерді түсірген Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Түркия спикерінің Қазақстанға ресми сапары парламентаралық байланысты нығайту жолында маңызы  өте зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ палата төрағасы мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы және оларды заң деңгейінде қамтамасыз ету жайында баяндады.

Атап айтқанда, түрік кәсіпкерлерінің қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризмді дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сөз болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, мәжіліс депутаттары жұмыс істеп жатқан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы шетелдік инвесторларға, соның ішінде түрік компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Өз кезегінде, Мұстафа Шентоп:

– Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы Түркістан қаласында өтетініне өте қуаныштымыз. Келесі жылы Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнағынаны 30 жыл толады. Бұл да біз үшін ерекше маңызды. Біз өзіміздің шыққан жеріміз, тегіміз Қазақстан екенін ұмытпаймыз. Қазақстанға келген сайын өзіміздің ата-жұртымызға келгендей қуанышпен, мақтанышпен келеміз, – деді.

Сонымен бірге, Шентоп мырза Түркітілдес елдердің байланысын нығайтуда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтіп, Түркия үшін Қазақстанның орны ерекше екенін және рухани орталығы екенін жеткізді.

Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Нұрлан Нығматулин мен Мұстафа Шентоп парламентаралық диалог, палата комитеттері арасындағы сындарлы байланыс Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.

Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға ресми сапары аясында 28 қыркүйекте Түркістанда өтетін Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының Х пленарлық отырысына қатысады.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір