• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:03:17
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 27 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1878 адамнан коронавирус, 32 адамнан пневмония анықталған.

25 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 30, пневмониядан 5 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 878 990-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 75 305.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 524 609 адам, 2-компонентін 6 408 099 адам салдырған.

27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

895 адамның жағдайы ауыр, 222 пациенттің жағдайы өте ауыр, 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.

Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір