• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:11:11
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарына барып, педагогтармен, ведомстволық бағынысты ЖОО-ның ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездескен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

– Мектепке барған кезде күзет жүйесінің, бейнебақылау камераларының жұмысымен, дабыл түймелерінің, турникеттердің орнатылуымен және т.б. таныстым. Мектептер, колледждер, ЖОО басшыларына және әкімдіктер мен министрлікке балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет, – деді министр.

Ол соңғы қайғылы оқиғалар мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсеткенін атап өтті.  

– Бұл шаралардан бөлек тәрбие жұмыстарын да жүргізу қажет.  Психологтар мен әлеуметтік педагогтердің жұмысы, сонымен бірге балаларды форс-мажорлық әрекеттер туралы хабардар ету маңызды.

Мектеп директорларымен кездесу кезінде аттестация, басшылар ротациясы, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Біз Жолдау аясында айтылған Президент тапсырмаларының нақты қалай жүзеге асырылатынына жеке тоқталып өттік.  Мектеп директорлары көптеген жақсы ұсыныс пен идея айтты, біз оларды алдағы жұмысымызда ескереміз.

Жалпы, мұғалімдермен және мектеп директорларымен сөйлесе отырып, сұрақтардың мазмұны, мысалы, 1 жыл бұрын қойған сұрақтарға қарағанда өзгергенін байқадым және бұл қуантарлық жағдай. Былтыр күн тәртібінде тұрған мәселелердің басым көпшілігі шешімін тапты, – деп айтты Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, дәстүрлі форматқа оралу мәселесі талқыланған. Ұстаздар оқушылардың жалпы санының сырқаттанушылық деңгейі қашықтан оқытуға өтініш бергендердің көрсеткішінен әлдеқайда төмен екенін айтқан. 

– Мектеп оқушылары мен ата-аналардың басым көпшілігі офлайн режимде оқуға риза. Бұл білім сапасына, балалардың эмоционалды жағдайына және олардың денсаулығына оң әсер етеді, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір