• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:50:40
Алматы
+35°

Қазгидромет синоптиктер 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның (солтүстік-батыс және оңтүстік) бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығыста жаңбырдың арты қарға ұласады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 аралығында болса, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде минус 3 +5 градустан плюс 3-11 градусқа дейін жылынса, күндіз керісінше +13-23-тен +3-13 градусқа дейін салқындайды.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометр 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін жоғарылайды" деп жазылған хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір