• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

08 Желтоқсан, 16:13:50
Алматы
+6°

Шымкент қаласының «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан ашылған «TEN QOGAM» секторы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында жұмыс істейді.

Биыл 1 шілдеде ашылған кеңес беру секторы бүгінге дейін жалпы 3 377 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік мәселелер бойынша қызметтер көрсетті. Мәселен, әлеуметтік қызметтер порталын қолдануда көмек беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңес беру, жекелей сүйемелдеу, психологтың көмегі және т.б., бағытта жұмыстар жүргізді.

Аталған қызметтердің ішінде санаторлық-курорттық емделуге жолдама алуға өтініш тастағандар саны – 1840, ал жолдама алған мүгедектігі бар азаматтар саны – 1406. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы міндетті гигиеналық құралдар алуға 89 өтініш қабылданды. Сонымен бірге, психологиялық кеңес алғандар – 15 азамат.

Еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтардың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамту жұмыстары жүзеге асырылуда. Бағдарламаның ІІІ бағыты «Жастар практикасы» бойынша 5 азамат уақытша жұмысқа орналасты.

Аталған әлеуметтік кеңес беру секторына жүгініп, жұмыспен қамтылған азаматтардың бірі – Сардор Байахматов. Ол – ІІІ топ мүгедегі. Қала тұрғыны былтыр Сайрам медициналық колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша бітірген. Жас маман «Тen qogam» секторының ашылғаны туралы естіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы бойынша кеңес алуға келген. Кейіннен мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс ұсынған соң, нәтижесінде 2021 жылдың тамыз айында «№12 қалалық емханаға» фельдшер маманы ретінде жыл соңына дейін жұмысқа жолданды.

Мүгедектігі бар азаматтар http://aleumet.egov.kz сілтемесімен «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір