• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 03:38:55
Алматы
+3°

Алматыдағы Ақбұлақ мөлтекауданында бес адамға оқ атқан Игорь Дужновтың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Дамир Хасанов хабарлады

Дужновқа қорғаушыны мемлекет тағайындаған. Ол бюджет қаражаты есебінен күдіктінің мүддесін қорғайды. 

 

– Айыпталушы Дужновтың аман-сау, ол ештеңеге шағымданбайды. Оның денсаулығы қалыпты. Уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот шешімі шыққанша 72 сағатқа қамауда болады. Сот бұлтартпау шарасын қабылдауы тиіс. Тергеу соты онлайн режимде өтеді, тұтқындалғаннан кейін 72 сағат ішінде. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіледі. Егер туыстары басқа адвокат жалдаса бұл істен мен бас тартамын. Жақындары басқа адвокат жалдамаған жағдайда, Дужновтың ісін мен жүргіземін, – деді Хасанов. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында атыс болды.

Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ атқан. Нәтижесінде 5 адам оқиға орнында қайтыс болды. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Оқи отырыңыз: “Екі полицейдің мәйітін көрдім”. Куәгерлер Алматыдағы атыстың қалай болғанын айтып берді

Ақбұлақтағы трагедия: Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгілі болды

Алматыдағы атыс: 5 адамды өлтірген күдікті кім екені анықталды

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақбұлақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір