• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:59:34
Алматы
+35°

Мемлекеттік органдар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан кейін бюджетті қайта қарап, 2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақының болжамды мөлшерін анықтады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500-ден 60 мың теңгеге артқан.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:     

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 60 мың теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары, салық және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3063 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленді.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мыңға дейін көтеруді тапсырған болатын.

"2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 6 қазанға дейін жария талқылауға шығарылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір