• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:15:27
Алматы
+35°

Алматыда атыс ұйымдастырып 5 адамды өлтірген күдікті туралы отбасының адвокаты айтып берді, деп хабарлады exk.kz басылымы.

– Баспанадан туындаған жанжал 2000 жылдардың басынан жүргізіліп келеді. Мен сот процестерінің бірнеше кезеңі өткеннен кейін ғана білдім. Жалпы мен Дужновтың қандай адам екенін сипаттай алмаймын, себебі жұбайы Анаидпен жиірек сөйлестім. Бірақ бар білетінім бұлар қарапайым отбасы, – деді адвокат.

Адвокаттың сөзіне қарасақ қанды қылмысқа қатысы бар ерлі-зайыптылар ұстамды және интеллигентті болған.

Игорь Дужнов (5 адамға оқ атқан адам - ред) туралы не белгілі?

54 жастағы Игорь Дужнов 2009 жылы тіркелген "Нано плюс" ЖШС-ның басшысы. Компания автомобиль бөлшектерін сатумен айналысады. Ол кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының бизнес-клубы мүшесі болды және БАҚ алдында ара-тұра сөз сөйлеп жүрген. Сұхбаттарының бірінде ол қаражаттың жоқтығын айтып, жиі тексерістер болып тұрады деп шағымданған.

 

– Өткен жылы "Даму" бағдарламасы бойынша алынған несиені 12,5% - бен қайта қаржыландырдым. Бұл ретте сақтандыру үшін 200 мың теңге төлеуге тура келді. Қазір біздің кәсіпорын үнемі түрлі мониторингтерге ұшырайды. Шынымды айтсам, жаңа несие беруге уәде етілген соң мөлшерлемені азайтуға шешім қабылдадық. Бізге "көп ақша" керек. Кепілдік екінші несие алуға мүмкіндік береді, бірақ бізге банк рұқсат бермейді, – дейді ол.

Дужновтың әйелі Анаида Демирчян да бизнеспен айналысқан. Ол "Золотое руно" атты сұлулық және денсаулық орталығында байланыс тұлғасы ретінде көрсетілген. Дужновтың әйеліне тиесілі үй банктердің бірінде кепілдік мүлік ретінде тіркелген. Ұзақ сот процестері барысында тұрғын үй банктің меншігі болып танылып, аукционда сатылды.

Сондай-ақ, Игорь Дужнов қайырымдылықпен айналысқан екен. Мәселен, 2009 жылы медицина қызметкерлері күніне орай басқа да кәсіпкерлермен бірге қаражат жинап, №4 Қалалық клиникалық ауруханаға 15 франциялық мүгедектерге арналған арба алып берген.

 

– Әлем мейірімді болуы керек. Берген адамға Құдай береді деп дұрыс айтылған. Біз неғұрлым көп жақсы іс жасасақ, бәріміздің өмір сүруіміз соғұрлым жақсы болмақ, – деген екен ол шаралардың бірінде.

Айта кетейік, Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында атыс болды. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ атқан. Нәтижесінде 5 адам оқиға орнында қайтыс болды. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.


 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматыдағы атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір