• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:20:43
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетінде болған атыстан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

– Пермь университетінде атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, – деді министр facebook-тегі парақшасында. 

Аймағамбетовтің сөзінше, мұндай қайғылы оқиғалар еліміздегі мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін күшейтудің қаншалықты маңызды және қажет екенін көрсетеді. Балаларды қорғау мәселесі оқу орнының әрбір басшысы үшін басым болуы тиіс.

– Президенті Тоқаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ, бұл мәселе үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Жоғары оқу орындарының басшылығы оқу корпустарында, жатақханаларда да қауіпсіздікті күшейтуде. ЖБО-да бейнекамераларды орнату, төтенше жағдайларда арнайы іс-қимылдарға оқыту бойынша сабақтар өткізу жұмыстары жүруде, – деді министр. 

Бүгін Ресейдің Пермь университетінің аумағында атыс болып, салдарынан 8 адам қайтыс болғаны хабарланды. Қазір қайтыс болғандар мен жарақат алғандар туралы деректер нақтыланып жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір