• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:34:42
Алматы
+35°

Жаңа зерттеулерге сәйкес, Қытайдың жоғары саясат, заң шығарушы және кеңесші органдары Шыңжаңда 1,8 миллионға жуық азшылықты "қайта тәрбиелеу орталықтары" деп деп аталатын қамау лагерлеріне жіберген. 

Неміс зерттеушісі Адриан Зенцтің пікірінше, Қытайдың Шыңжаңында қайта тәрбиелеу орталықтарын құру туалы заң жобасы 2017 жылы әзірленген. Ол "экстремизмнен арылту туралы ереже" деп аталады. Бұны үш маңызды мемлекеттік орган қадағалайды. Зенцтің айтуынша, олар: Орталық Комитеттің Шыңжаңдағы қызметтерді үйлестіру шағын тобы, Бейжіңдегі бүкілхалықтық халық өкілдерінің конгресі тұрақты комитетінің заң шығару мәселелері жөніндегі комиссиясы және дін істері жөніндегі мемлекеттік басқарма.

"Үш институттың екеуі Қытай Коммунистік партиясының шешім қабылдаушы жоғарғы органы Саяси Бюросының Тұрақты Комитетінің үшінші және төртінші дәрежелі мүшелерінің тікелей басқаруында. Олар тек Қытай коммунистік партиясының басшысы, мемлекет төрағасы Си Цзиньпин мен премьер Ли Кэцяннан ғана төмен адамдар" дейді Вашингтондағы зерттеу орталығы "Jamestown Foundation".

Ал, Зенцтің пікірінше, 2016 жылға дейін Қытайдың Тибет автономиясын басқарған Чен Цюаньго Шыңжаңдағы азшылыққа жасалған қатаң саясат туралы негізгі айыпты адам ретінде қаралған. Себебі, Чен 2017 жылдан бастап Шыңжаңдағы ең жоғары билікке келген соң, өзінің Тибетте қолданған "тәжірибелі қатал саясатын" алып келген. Алайда, Зенц бұл жаныштау саясаты үшін Ченның ғана емес, Бейжіңдегі орталық биліктің негізгі жауапкершілігі бар екенін айтады. Зерттеуші АҚШ санкциялары тек Чен Цюаньго мен оның айналасындағы шенеуніктерге салынып, қатаң саясатқа қатысы бар Бейжіңдегі ең жоғары шенеуніктердің санкциядан құтылып кетуінен алаңдайды.

Неміс зерттеушісі өткен демалыс күндері Лондонда өткен "ұйғыр трибуналының" екінші сессиясында өзінің зерттеуін ұсынған. Қытайдың этникалық ұйғыр, қазақ сияқты басқа түркі мұсылмандарына жасаған қарым-қатынасы "геноцид" болып есептелетінін зерттейтін мамандар тобы Лондонда жиналған. 

Зенцтің бұрынғы зерттеулері Шыңжаңдағы қамау лагерьлеріне, Бейжіңнің ұсталған ұйғыр, қазақ сияқты этникалық азшылық әйелдерін мәжбүрлеп стерилизациялау саясаттарына бағытталған. Ол сонымен қатар аймақтағы халықтың өсуін азайтуға бағытталған саясаттарды, мысалы туу көрсеткішін бақылау және Қытайдың шығысынан қытайлықтарды Шыңжаңға көшіруі сияқты "стратегияларды" зерттейді. 

Қытайлық шенеуніктер мен мемлекеттік ақпарат құралдары Зенцті "Қытайға қарсы алаяқ" және "банкроттық беделге ие жалған академик" деп атады және оны "Қытайға жала жапты және Шыңжаңға байланысты өтірік ойлап тапты" деп айыптады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір