• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:25:21
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулысын жариялады. 

Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталған науқаспен жақын байланыста болғандардың қатарына мыналар жатады: 

  • COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
  • COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
  • Жеке қорғаныш маскасын пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
  • ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты қолданылатын шаралар келесідегідей:

  • COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар 14 күнге үйде оқшауланады;
  • Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі;
  • 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады.

Қаулы 20 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір