• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:52:10
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы адамдардан коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулаған. Бұл туралы ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескенде айтты.

Осыған байланысты Ресей президенті осы аптада Душанбеде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына бейнеконференция арқылы қатысатын болды.

Сонымен қоса 13 қыркүйекте ол Кремльде ресейлік паралимпиада спортшыларымен әңгімелесу барасында айналасындағылардың көпшілігі COVID-19 ауруымен ауыратынын айтып, жақын арада өзі де оқшауланатынын жасырмады. 

– Бізді қазір дәрігерлер қарап жатыр. Менің ортамда ковидпен ауыратындар бар. Менің ойымша, мен жақын арада оқшаулануым мүмкін, – деген Ресей президенті. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір