• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:38:08
+35°

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов “Алтын орда” базары мен “Апорт” сауда орталығының неліктен жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді.

Брифинг кезінде "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған әлдекімдердің жауап беруге көмектескені эфирге түсіп қалды.

– Базарды республикалық деп айтыңыз. Бірақ онда қажетті шектеулер бар, – деді әлдебіреу өңірдің бас снитар дәрігеріне сыбырлап.

Кейін бас санитар дәрігер әлдекімнің айтқанын қайталап, жауап берді.

– Сұрағыңызға рахмет. Біз тағы да қайталап айтамыз. "Алтын Орда" ол республикалық үлкен сауда базары, – деп айтты.

Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан болатын.

Бұған дейін Алматы қаласында карантин шаралары күшейтіліп, барлық сауда үйлері мен ашық базарларға шектеу қойылған кезде "Алтын орда" мен "Апорт молл" жұмыс істеген болатын. Алайда оны Алматы қаласы әкімдігі аталған нысандардың облысқа қарайтынымен түсіндірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір