• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:01:54
Алматы
+35°

Академиялық опера және балет театры маңындағы скверлерді абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді. Аумақты көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы тарихи қалпын сақтай отырып аумақты аббатандыру, көгалдандыру жұмыстарын аяқтады. Жұмыстар аясында шойын орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жұмыстарды жүргізу барысында аумақтың тарихи суреттері қаралып отырды. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алайда, Неделька субұрқағын қалпына келтіру барысында жұмысқа қажетті бөлшектерді ұрлау фактілері тіркелді. Кепілді міндеттемелер аясында мердігер ұйым бірнеше рет қажетті бөлшектерді қалпына келтірді. Мұндай жағдайлар жұмыс уақытын ұзарады, себебі қажетті бөлшектер арнайы тапсырыспен жасалады.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, Алматыда 2020 жылдан бері саябақ аймақтарын абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылып келеді. 2021 жылы оннан астам қоғамдық орынның абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өкінішке орай жаңартылған саябақтарда вандализм фактілері жиі тіркеле бастады. Қала тұрғындары мен қонақтарын өзімізді  қоршаған ортаны сыйлап, қоғамдық орындардағы мүлікке мұқият болуды сұраймыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір