• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:23:23
Алматы
+35°

5 қыркүйекте Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Түнде 5 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және батысында шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде 5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір