• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:42:00
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 3 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4830 адамнан коронавирус, 319 адамнан пневмония анықталған. 2 қыркүйекте 98 адам коронавирустан, 36 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 808 431-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 70 927.

4 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 96 156 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 21 070 пациент стационарда, 75 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1519 адамның жағдайы ауыр, 439 пациенттің жағдайы өте ауыр, 213 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Төртінші қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.

Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.

Бүгінде ел бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 787 867 адам, 2-компонентін 5 615 412 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір