• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:29:45
Алматы
+35°

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ Украинаны Ресейге қарсы "қару" ретінде қолданып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында Мария Захарова АҚШ пен Украина арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғады. Захарова Украина президенті Владимир Зеленскийдің Америка Құрама Штаттарына барғанын атап өтіп, пікір білдірді.

– Вашингтон Киевті Ресейге қарсы қару ретінде қолдануда, бұл Украина үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді Мария Захарова.

Захарова сонымен қатар АҚШ-тың Киевке әскери көмек көрсету жоспарына Мәскеудің алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл – Украинадағы жағдайды реттеуге теріс әсер етеді.

Захарова Украинаның шығысындағы Донбас мәселесіне де тоқтала келіп, бұл жерде "азаматтық соғыс" жүріп жатқанын алға тартып, халықаралық қауымдастықты Украинаға қару жеткізуге тыйым салуға шақырды.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға сапары кезінде қорғаныс серіктестігінің негіздері туралы үкіметаралық келісімге және бірнеше құжатқа қол қойғаны белгілі болды. Құжат ережелері арқылы қару-жарақ пен әскери техниканы сынау реттелмек. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей АҚШ Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір