• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:36:28
Алматы
+35°

Тəуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шұғыла қоры бастап, Дария Дамыту орталығы ұйымдастырып, демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан "Тұлға болам" кітап оқу сайысының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.

Сайысқа қатысушылар 1-3 сынып, 4-7 сынып, 8-11 сынып оқушылары және ересектер болып 4 топқа бөлінді. Əр топқа жеке тапсырма ретінде бөлек кітап берілген. Әр топтың жүолдесі де бөлек болды.

Оқылатын кітаптар ретінде қазақ классиктері мен әлем классиктерінің туындылары берілді. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітап оқуға тиіс болды. Әр кезеңнін соңында кітап бойынша онлайн тест алынды.

Ұйымдастырушылар сайыс арқылы жастарды кітап оқуға құлшындыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыруды көздеген.

Фото: Шұғыла қорының баспасөз қызметі

Сайысқа барлығы 50 мың қатысушы тіркелген.

Әр кезең бойынша әр топтан алғашқы болған 50 адам 5000 теңгеге ие болады.

1-3 сынып тобында  1-3 орын алғандарға iPad, 4-10 орын алғандарға велосипед берілді.

4-7 сынып тобында 1-3 орын алғандарға MacBook, 4-7 орын иеленгендерге велосипед табысталды. 

8-11 сынып тобында 1-3 орын иеленгендер Стамбулға саяхат жасаса.  4-10 орын алған қатысушылар Apple Watch алды.

Ересектер тобында 1-орын иегеріне 2 адамға шет елге саяхат берілсе, 2-орынға 500 000 теңге, 3-орынға 300 000 теңге қаржылай сыйлық үлестірілді. 4-10 орын аралығындағыларға ноутбук табыс етілді.

Фото: Шұғыла қорының баспасөз қызметі

Жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

1-3 сынып тобы: 1-орын – Табыс Алихан, 2-орын – Аслан Мадияр, 3-орын – Шынарбек Нұрсұлтан.

4-7 сынып тобы: 1-орын – Қази Ақнұр, 2-орын – Ерлан Кәусар, 3-орын – Шынарбек Ерсұлтан.

8-11 сынып тобы: 1-орын – Бегалы Елдос, 2-орын – Шынарбек Жанар, 3-орын – Елетай Расул.

Ересек: 1-орын – Қашубай Амангелді, 2-орын – Атанбекова Арайлым, 3-орын –  Малика Кеңесова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір