• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:39:13
Алматы
+5°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке құзырлы органдармен бірлесіп жайылым жерлер мәселесіне қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 

– Жайылымдық жерді тиімді пайдалану өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған, – деді ол. 

Тоқаев осыған байланысты әкімдерге ескерту жасады. 

–  Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударуды талап етеді. Бұлардың ұлттық мәртебесі және  жеке қосалқы шаруашылықтары бөлек заңда көрініс табуы тиіс. Үкімет бұл заң жобасын қысқа мерзімде әзірлеуі керек, – деді мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ жайылымдық жерлердің көлемін арттыру керектігіне назар аударды.



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Жолдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір