• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:00:40
Алматы
+35°

Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтардық саны көбеюде. Бүгінгі таңда банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хаты негізінде тұрғын үй сертификатын иеленген азамттар саны 30-ға жетті. Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының жекешелендіру және несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы Гүлнар Әшірбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Әзірге тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына сәйкес келген қала тұрғындарының басым көпшілігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» несиелік бағытының қатысушылары.

Қазіргі таңда www.кezekte.kz интернет порталы арқылы жалпы саны 336 азаматтан тұрғын үй сертификатына өтінім келіп түскен. Оның ішінде 268 өтінім бойынша тұрғын үй сертификатын берудің жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуі себепті бас тартылған.

Атап айтсақ, 178 тұрғын құжаттарын толық жібермеген. 11 өтінім иесінің деректері анық емес, ал 79 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына мүлде сәйкес келмеген.

Құжаттарын толық жібермеген және деректері анық емес азаматтар тұрғын үй сертифкатына қайта өтінім жібере алады.
Айта кету керек, Шымкент қаласында тұрғындарды несиелік бағытта баспанамен қамту бойынша жүйелі іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір