• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:24:19
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімдігі Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлері игі бастаманы қолға алды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жасалған іс-шара аясында үшінші мегаполистегі бірнеше емханалар мен ауруханаларда шағын кітап сөрелері орналастырылуда.

Айта кету керек, аталған жобаға қаладағы төрт кітапхана қатысып, медициналық мекемелерде өздеріндегі түрлі жанрдағы әдебиеттерді қойып жатыр. Мәселен, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы 3-ші емханадан арнайы кітап бұрышын ашты.

Мұндағы басты мақсат-тұрғындарды кітап оқуға қызықтыру және тарту, кітапханаларды, олардың көрсететін қызметтерін таныту болып табылады.
Айта кетейік бұл жоба арқылы алдағы уақытта барлық денсаулық нысандарын қамту көзделіп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір