• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:50:47
Алматы
+35°

COVID-19-дан сауыққан 400-ге жуық алматылық медициналық сақтандыру есебінен постковидтік оңалтудан өтті. Бұл туралы Алматы қаласының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Қор үшін басым міндеттердің бірі - «Каменское плато» фтизиопульмонология оңалту орталығында жүргізілетін постковидтік оңалту бойынша жеткізушілер тізімін ұлғайту. Алматыда 400-ге жуық пациент жалпы 285,4 млн теңгеге коронавирустан кейін емделді.

«Бүгін біз постковидтік оңалту бойынша жеткізушілерді, соның ішінде жеке жеткізушілерді тарту бойынша жұмыс жасаймыз. Атап айтқанда, аймақтық комиссия оңалтудың осы түріне қатысу үшін кезекті конкурс жариялады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы қаласында постковидтік оңалту бойынша жеткізушілер тізімі екі субьектіге дейін өсті», - деді Т. Әбілдаев.

Сонымен қатар, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға шамамен 8,9 млрд теңге төленді. Олардың ішінде КТ мен МРТ барынша сұранысқа ие.

Бірінші жартыжылдықта Алматыда 386,6 млн теңгеге 30 468 КТ қызметі, шамамен 400 млн теңгеге 29 789 МРТ қызметі көрсетілді. 767,7 млн теңге сомасында онкологиялық ісіктерді анықтау бойынша 3040 ПЭТ-диагностикасы жүргізілді.

МӘМС жүйесі аясында жоспарлы скринингтік тексерулерден өтуге 508,3 млн бөлінді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: COVID-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір