• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:27:47
Алматы
+35°

Президенттік жастар кадр резерві жас таланттарды анықтауға мүмкіндік береді. Осылай деген мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев іріктеуден өткен үміткерлер өзіндегі тың идеяны ұсыну арқылы халыққа жаңашылдық алып келетініне сенімді. 2019 жылы алғаш рет ұйымдастырылған бұл шараның сынынан сүрінбегендер, қазіргі таңда мемлеткеттік мекемелерде жоғары лауазымды қызмет атқарып жүр.

Президенттік жастар кадр резерві жас таланттарды анықтайды. Іріктеуден өткен үміткерлер қабілетін көрсетіп, өзіндегі жаңа идеяны ұсына алады. Қыркүйек айында басталатын іріктеу кезеңінен өткендер 3 жыл кадр резервінде болады. Ал алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған кезде үміткерлер 5 жылға резервке алынған болатын.

Осы болып жатқан жұмыс жастарға үлкен мүмкіндік береді. Амбициясы бар, өсем-ау деп, өңем-ау деп, жұмысымды көрсетем дегендерге үлкен мүмкіндік. Сөйте тұрып, жаңа таныстарға, жаңа достарға ие болу мүмкіндігін береді. Көз ашылады, өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адам қаласа өзі арыз жазып, құжаттарды тапсырып, өзі қатыса береді. Мына қазір шартты түрде айтайын, дәл қазір мынау жариялағаннан кейін қаласа 100 мың адам қатысуы мүмкін. Алғашқыда, ең біріншісінде. Сөйтіп солардан бірінші кезеңнен кейін мың адам қалады. Енді практиканы алатын болсақ, Шымкент қаласынан бірқатар азаматтар алғашқы іріктеуге қатысқан. Олар Шымкент қаласында ғана емес, басқа мемлекетімізде, басқа өңірлерде жұмыс жасауда

Департамент басшысы 2019 жылы жастар кадр резерві сынынан өткен 300 адамның 60 пайызы мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып жүргенін айтады. Ал қалғандары әзірге резервте тұр. Кезеңдерден сүрінбеген үміткерлердің өзі қалаған салада ұсыныс білдіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Жастар кадр резервіне қатысатын үміткерлер бірнеше сыннан өтеді. Оларға қойылатын талаптар да бар. Жасы 35-ден аспаған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек. Сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес дәрежеде білетін азаматтар қатыса алады.

Әділет Нысанбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры. Биылғы жылы жастар кадр резервінің іріктеудің жаңашылдығының бір үміткерлерге мемлекеттік тілді білу деңгейін растайын құжат талап етіледі. Президенттік жастар кадр резервіне қатысатын үміткерлер үшін 13-15 қыркүйек аралығында QazaqResmiTest-ке дайындық курстары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, екінші кезеңде үміткерлерге ситуациялық тапсырмалар беріледі. Онда үміткерлер Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес тақырыптық бағытты таңдап, сол бойынша тапсырманы орындайды. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір