• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

08 Желтоқсан, 15:33:41
Алматы
+6°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті.

Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол-құрылысына жауапты мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолына қиылысатын бөлігінде жол өткелі, яғни көпір құрылысы салынуда.

Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір