• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:14:37
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 29 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 5222 адамнан коронавирус, 63 адамнан пневмония анықталған. 28 тамызда 104 адам коронавирустан, 20 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 785 149-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 69 693.

30 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 694 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 26 181 пациент стационарда, 89 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1793 адамның жағдайы ауыр, 495 пациенттің жағдайы өте ауыр, 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

30 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 611 018 адам, 2-компонентін 5 339 029 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір