• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 02:17:43
Алматы
-11°

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Министр Назарбаевқа өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Тұңғыш президент оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінен өрт шығып, оның соңы жарылысқа ұласқан. Апат болған жерге жақын Қайнар, Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланған. Темір жол байланысы уақытша тоқтап, Тараз қаласына кіру, шығу шектелген.

Осыдан 2 жыл бұрын Арыс қаласында әскери қоймада ірі жарылыс болып, 5 адам қаза тапқан. Ол кезде 50 мыңнан астам адам тұратын қала толық эвакуацияланған.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кезінде Арыстағы жарылысты "табиғи апат" деп, министр орынтағын тастап кетпейтінін ашық айтқан. Ал бұл жолы отставкаға арыз жазатынын, кетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір