• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:41:09
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елде карантин шараларын жеңілдету туралы қаулы шығарды.

Құжатқа сәйкес Алматы қаласын қоспағанда, 28 тамыздан бастап төмендегі нысандардың жұмысына рұқсат етіледі:

  • демалыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілердің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасы көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
  • сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етіледі.

Алматы қаласын қоспағанда 30 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақыты (режимі) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір