• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:43:55
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 26 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 6452 адамнан коронавирус, 360 адамнан пневмония анықталған. 25 тамызда 121 адам коронавирустан, 22 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 767 701-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 69 035.

26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

27 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 525 279 адам, 2-компонентін 5 227 226 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір