• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қаңтар, 16:47:25
Алматы

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты.

Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды.

Оларға Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері көмектесуде. Өрт ошағын жою жалғасуда" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Журналист Михаил Козачков отқа оранған әскери бөлімнен жарылыс даусы естіліп, снарядтар Таразға қарай ұшып жатқанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталғанын мәлім етті. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір