• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:27:54
Алматы
+35°

2021 жылдың ІІ тоқсанында білім саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 233,9 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,8 пайызға көп. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады. 

2021 жылдың ІІ тоқсанында білім саласында 528,4 мың адам қызмет етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға көп. Ал 2020 жылдың II тоқсанында 515,5 мың адам қызмет көрсетіп, өсім көрсеткіш 2,9 пайызды құрады.

Білім саласында еңбек ететіндер саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Онда 68,3 мың адам еңбек етеді. Ал ең азы Атырау облысында, онда 14,2 мың адам бар. 

Республика бойынша мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 116,4 мың теңге, бастауыш сынып мұғалімдерігнікі 193,4 мың теңге, орта білім беру мекемесі ұстаздарында  273,7 мың теңге, ЖОО оқытушыларынікі 251,7 мың теңге.

Қосалқы білім беру қызметтері саласының қызметкерлері 177,1 мың теңге жалақы алды. Бір жылда жалақы мөлшері 11,6% өскен. 

Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатындар:

Нұр-Сұлтан – 350,8 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 17,6% көп;

Маңғыстау облысы – 268 мың теңге;

Алматы – 265,5 мың теңге. 

Ал ең аз жалақы Батыс Қазақстан облысында тіркелді, өңір мұғалімдерінің жалақысы 200,7 мың теңге. Бұл өткен жылға қарағанда 31,6% жоғары.

Қазақстанның 17 өңірінің тек бесеуінде білім саласы қызметкерлерінің табысы жалпы орташа жалақыдан асады. Бұдан өзге жалақысы көп өңірлерге Қызылорда мен Алматы облыстары кіреді. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы балабақша, мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы 25% өседі. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұғалімдер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір