• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:02:19
Алматы
+35°

Батыс елдері Ауғанстандағы мыңдаған адам жиналған Кабул әуежайына террористік шабуыл жасалатынын ескертеді.

Ұлыбритания Қарулы Күштері министрі Джеймс Хиппи ВВС-ге қауіптің "өте жоғары" екенін айтты. Бұл ескерту эвакуацияның соңғы кезеңі басталған кезде жасалды.

Ақпараттар бойынша, әзірге 80 мыңнан астам адам елден шығарылды. Қазіргі уақытта Кабул әуежайында 10 мыңнан астам адам кезек күтіп тұр.

АҚШ әскерлері бақылайтын әуежайдан әлі де 1500 америкалыққа эвакуация қажет болуы мүмкін деген мәлілмет бар.

Тәліптер билікке қайта келгеннен кейін шетелдік миссияларда жұмыс істеген батыстықтар мен ауғандар Ауғанстаннан кеткісі келеді. Ал, АҚШ эвакуацияны Талибанмен келісілген 31 тамызға дейін аяқтауды көздейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір