• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:29:33
Алматы
+12°

Алматы облысындағы шекара бекетіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын" делінген Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 567 қаулысында.

Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойған. Тиісті құжат adilet.zan.kz порталында жарияланды.

Қазақстанда тұңғыш президент есімімен аталатын қала, әуежай, университет, мектеп бар. 2019 жылғы 20 наурызда Қ.Тоқаев президент лауазымына кірісіп, ант қабылдау рәсімінде елдегі қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынғаннан кейін жаппай Назарбаев атындағы көшелер мен даңғылдар пайда бола бастады.

Мәселен, Өскемен мен Павлодар, Талдықорғандағы Тәуелсіздік даңғылы Назарбаев болып өзгертілді. Оралдағы Достық даңғылына, Атырауда Қаныш Сәтпаев даңғылына, Ақтөбеде Мәңгілік Ел даңғылына, Петропавлда Мир көшесіне, Көкшетаудағы Максим Горький көшесі, Қостанайдағы Абай даңғылы, Шымкенттегі Астана даңғылы, Оралдағы Достық-Дружба көшесі, Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі, Тараз қаласының ең үлкен көшелерінің бірі – Төле би даңғылы, Қызылордадағы Жібек жолы көшесіне, Алматыдағы Фурманов көшесіне даңғылы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Қарағандыда Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесін қосу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды. Көше атаулары жоқ Ақтау қаласында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болған.

Бұдан бөлек, елдің бірнеше қаласында Назарбаев ескерткіші бар. Назарбаев атындағы саябақ, спорт кешені және музейлер бар.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір