• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 14:39:18
Алматы
+11°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-дағы заңсыз әрекетіне қатысты пікір білдірді. 

Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға кіру барысында 4 түлектің (оның ішінде 1 "Алтын белгі" иегері бар) орнына студенттер кіруге тырысқанын, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

– Ең бастысы заң бұзушылық болған жоқ. Біз жүргізген реформаның арқасында жалған құжатпен кіремін деген талапкерлер ҰБТ тапсыра алмады. Дереу аты-жөнін тиісті органдарға бердік. Егер тестілеуге кірерде тексерістің бір ғана сатысы болса, құжатты көрсетіп, әрі қарай өтіп кететін еді. Құжатты көрсеткеннен кейін, Face ID-ға барады. Үшінші кезеңге барғанда барлығы анықталады, – деді министр журналист Нартай Аралбайұлының ютуб каналына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ биыл заңсыз әрекетке барушылар көптеп анықталғанын айтты.

– Жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл тестке өзі емес, басқа адамды жіберген факті бірнеше есе көп анықталып отыр. Бұл – дұрыс шешім. Заң бұзушылық болған жоқ, біз қабылдаған, енгізген шешімнің арқасында заң бұзушылыққа жол берілмей отыр, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір