• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:04:24
Алматы
+35°

G7 елдері – Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ Ауғанстаннан халықаралық күштерді эвакуациялау күнін талқылап, Байденді эвакуацияның аяқталу күнін ұзартуға көндіргісі келді. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге эвакуация мерзімін ұзарту керек екенін айтты. Бірақ, АҚШ президенті олардың өтінішін тойтарып, өз шешімін "террористік шабуыл қаупінің артуымен" байланыстырды.

Джо Байден америкалық күштерді Ауғанстаннан эвакуациялаудың 31 тамызға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Дегенмен, операция Талибанның ынтымақтастығына байланысты шартты жағдайда табысты жүзеге асатынын айтты.

– Біз эвакуацияны 31 тамызға дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Неғұрлым тезірек аяқтасақ, соғұрлым жақсы. Әр бір артық операция күні біздің әскерге қосымша қауіп әкеледі. Бірақ эвакуацияның 31 тамызға дейін аяқталуы тәліптердің өзара сәйкесуінің жалғасуына байланысты, сонымен қатар біз алып кететін адамдардың әуежайға кіруіне рұқсат беруі тиіс және қызметімізге кедергі келтірмеуі керек, – деді Байден.

Байден Пентагон мен Мемлекеттік департаментке қажет болған жағдайда эвакуация кестесін өзгертуді сұрағанын айтты.

АҚШ президенті бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ және НАТО-дағы әріптестерімен кездескенін мәлімдеген.

Франция эвакуацияны аяқтау үшін көбірек уақыт қажет екенін айтып, мерзім таяған сайын алаңдаушылық білдірген. Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас НАТО одақтастарымен және Талибанмен Кабул әуежайын белгіленген мерзімнен кейін де ашық ұстауды талқылап жатқанын айтқан. Ұлыбританя премьер-министрі Борис Джонсон G7 саммитінде АҚШ әскерлерінің Ауғанстанда қалу мерзімін ұзартуды сұрайтынын мәлімдеген және АҚШ президенті Джо Байден эвакуация мерзімін ұзартатын шешім шығарады деп күтілген болатын.

Кейінірек, Байденнің ең жоғары тыңшысын Талибанмен келіссіөз жүргізуге жібергені хабарланып, келіссөздің "соғыс жағдайында" өткені айтылған. Ал, Талибан қозғалысының өкілі эвакуациялау мерзімін ұзартуға қарсы екенін жариялап, оның "ауыр салдары" болатынын айтқан.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: G7 Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір