• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:01:39
Алматы
+35°

Фотода: АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс

АҚШ президенті Джо Байден Талибан басшысымен кездесу үшін елдің ең жоғарғы тыңшысын жіберді. "Бұл Тәліптер Ауғанстан астанасын басып алғаннан бергі ең жоғары деңгейдегі дипломатиялық кездесу болды" деп хабарлады Вашингтон Пост басылымы.

Басылым аты-жөнін айтпауды өтінген АҚШ шенеунігіне сілтеме жасай отырып, АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс дүйсенбіде Кабулда Талибан лидері Абдул Гани Барадармен кездескенін хабарлады. Байден әкімшілігі Кабул әуежайындағы бейберекетсіздік жағдайында АҚШ азаматтары мен басқа одақтастарын эвакуациялауды жалғастыруда. 

Ал, Рейтерс агнттігі бұл хабарды бірден тексере алмай отырғанын жазады. "АҚШ Орталық барлау басқармасы мен Ақ үйдің өкілдері түсініктеме беру сұрауына бірден жауап бермеді" дейді агенттік.

Рейтерс 31 тамызда эвакуациялау мерзімі аяқталса, G7 елдері мен Талибан "соғыс жағдайында" келіссөз жүргізуі ықтимал екенін айтады.

Бұған дейін Талибан қозғалысының өкілі эвакуациялау мерзімін ұзартуға қарсы екенін жариялап, оның "ауыр салдары" болатынын айтқан. Алайда АҚШ президенті Джо Байден эвакуация мерзімін ұзартатын шешім шығарады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір