• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:39:11
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алғашқы қоңырау соғылып, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Десе де қалың бұқараның арасында балаларына мектепке қажетті дүниелерін алып бере алмай отырғандар жетерлік. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі осындай отбасыларға қол ұшын созып, мектепке жол атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Игі шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы отбасындағы мектеп оқушыларына сөмкесі мен қажетті оқу құралдары табыс етілді. Қайырымдылық акциясы қаламыздың 4 ауданы бойынша қарқынды жүргізілуде. Қала бойынша 400 отбасыға көмек қолы созылды. Бұл бастама қыркүйек айына дейін жалғасын табады, -деді салаға жауаптылар.

Қайырымдылық акциясын мешіттер мен қала әкімдігі бірлесіп өткізеді. Қайырымдылықтың маңызы барлығы үшін үлкен. Бүгінгі қайырымдылық акциясы айдың соңына дейін тоқтамайды. Көмек қаланың 4 ауданынан шыққан мұқтаж отбасыларға көрсетіледі. Іс-шараны өткізуге көмектескені үшін қала әкімдігіне, мешіттер имамына және барлық қамқор адамдарға алғыс білдіргіміз келеді.

Жалпы қайырымдылық акциясы аясында тізім бойынша 1000 мұқтаж мектеп оқушысы қамтылып отыр. Еліміздегі эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты оқушылардың мектеп формасы мен қажетті құралдары әр отбасыға жеке үйлеріне жеткізіліп берілмек. Бұл жұмыстарды қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторының еріктілері атқарады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір