• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:30:14
Алматы
+12°

Ауғанстан астанасы Кабулдың Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайында ауған қауіпсіздік күштері мен белгісіз шабуылдаушылар арасында атыс болды, деп жазады немістің Dw.com басылымы.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы 04.13-те болған. Атыс салдарынан ауған қауіпсіздік күштері бір өкілі қаза тауып, үш адам жараланған. Атысқа америка мен неміс күштері араласып, жағдай бақылауға алынған.

НАТО-ның ресми өкілдері Кабул әуежайы мен оның маңында соңғы аптада кемі 20 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Куәгерлер қаза тапқандардың бірі атып өлтірілсе, бірі адам нөпірі кезінде тапталып өлгенін айтады.

Бұған дейін Талибан қозғалысы Ауғанстанның барлық ірі қаласын басып алған. Осыған байланысты АҚШ пен өзге елдер өз азаматтарын эвакуациялай бастаған. 18 тамызда Қазақстанға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді. Оның ішінде 25 адам Қазақстан азаматы.

АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Байден Ауғанстаннан америкалықтарды, қауіп төнуі ықтимал ауғандарды эвакуациялау қарқыны жылдамдағанын, адамдарды елден шығару мерзімін ұзарту бойынша Талибан ұйымымен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Байденнің сөзінше, 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 28 мың адам эавкуацияланған. Тағы ондаған мың адам әуе көлігін тосып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір